$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2023, 12:48
Қоғам

Елордада Нигерия азаматтары көшi-қон заңнамасын бұзған

Олардың визасының мерзімі өтіп кеткен

Елордада Нигерия азаматтары көшi-қон заңнамасын бұзған

«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы аясында Астана қаласы ПД  қызметкерлері Қазақстан аумағында көші-қон заңнамасын бұзып жүрген екі Нигерия азаматын анықтады, деп хабарлады Azattyq Ruhy

«Тексеру барысында олардың визасының мерзімі өтіп кеткені анықталды. Жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты бұл шетелдіктер Астана қаласы ДП Қабылдау тарату бөліміне орналастырылды», - деп хабарлады департамент.

Естеріңізге сала кетейік, елордада ағымдағы жылдың 20 қарашасынан бері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Алдын алу шараларының негізгі бағыттары көшелер мен қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту, бұзақылық әрекеттердің жолын кесу, заңсыз көші-қонды анықтау.

 

Серіктес жаңалықтары