$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.11.2023, 13:15
Қоғам

Елордада ер адам такси жүргізушісін алдап кеткен

Ол жолдың ақысын төлемеген

Елордада ер адам такси жүргізушісін алдап кеткен

Полицияға такси жүргізушісі арызбен жүгініп, алақтық іс-әрекеттердің құрбаны болғанын хабарлаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Байқоңыр» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен елорданың 29 жастағы тұрғынын анықтады.

«Тергеу барысында ер адам таңертеңгілік уақытта  мобильді қосымша арқылы такси шақырған. Мекенжайға барар жолда жүргізушімен әңгіме өрбітіп, оның сеніміне кірген қаскүнем жолшыбай асханаға соғуын өтінген. Ол әмиянын үйде қалдырып кеткенін айтып, өзімен бірге алған тамақтың құнын төлеп беруін өтініп, үйіне жеткен соң жол ақысымен бірге қайтарамын деп уәде берген. Алайда мекенжайға жеткенде ақшаны әкелуге кеткен кейіп танытып, ер адам көзден таса болған. Алаяққа алданғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген», - деп хабарлады полиция департаменті.

Қазіргі таңда аталған фактіге қатысты «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді. Сізге қарсы заңсыз әрекеттер жасалса, дереу 102 арнасы бойынша полицияға хабарласу қажет.

Серіктес жаңалықтары