$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.04.2020, 14:45
Қоғам

Аймағанбетов қашықтан оқу қалай жүретінен ата-аналарға тікелей эфирде түсіндіреді

Білім және ғылым министрі әлеуметтік желі арқылы барлық сұрақтарға жауап бермек

Аймағанбетов қашықтан оқу қалай жүретінен ата-аналарға тікелей эфирде түсіндіреді

Бүгін сағат 15:00-де Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомстваның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде ата-аналармен, ұстаздармен және мектеп директорларымен онлайн-кездесу өткізіп, сұрақтарға жауап береді. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлайды.

«6 сәуірде басталатын IV тоқсанда мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқитыны белгілі. Министрлік қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты ақпараттандыру жұмыстарын БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы үздіксіз жалғастырып келеді», - деп жазады баспасөз қызметі.

Тікелей эфирді төмендегі сілтемелер арқылы көруге болады.

Фейсбук: https://www.facebook.com/edugovrk
Инстаграм: @edu_news_qz (ҚР БҒМ), @aimagambetov (министрдің жеке парақшасы)
https://instagram.com/edu_news_qz?igshid=1j6nitimjjjzn
https://instagram.com/aimagambetov?igshid=hdr72kfp1p9q

Серіктес жаңалықтары