ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 272 адамнан коронавирус анықталды

Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге дейін созылады

Өңірде жолаушылар тасымалы тоқтатылады

Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге дейін созылады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.  Ол үшін келесідей шектеулер енгізілген:

Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа шығуды қоспағанда, азаматтардың үйлерден шығуы шектеледі.

Облысаралық, ауданаралық, қалааралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады.

Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.

 Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты 09:00-ден 20:00-ге дейін, азық-түлік базарлары 10:00-ден 17:00-ге дейін белгіленді.

Қоғамдық тамақтанудың барлық нүктелері онлайн тапсырыстарды жеткізу режимінде таңғы сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмысқа көшеді.

Екінші деңгейлі банктер, жеке нотариустар 10:00 - ден 16:00-ге дейін, ал сұлулық салондары, шеберханалар және ТЖС 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақыты шектеулі.

Пошта бөлімшелерінде, төлем пункттерінде және банктерде 1,5-тен 2 метрге дейінгі қашықтықта бес адамнан артық кезекте тұруға жол берілмейді.

Айта кетейік, Түркістан облысында бір адам коронавирус індетінен көз жұмды. Өңірде барлығы 23 адам инфекция жұқтырған.

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады