$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.11.2023, 16:31
Қоғам

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры қамауға алынды

Ал зауыт департаментінің бұрынғы директоры үй қамақта болады

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-бас директоры облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының шешімімен сот залынан қамауға алынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың хабарлауынша, қылмыстық іс облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралып жатыр.

Облыстық прокуратураның өкілі Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-бас директоры мен сатып алу департаментінің бұрынғы директорын қамауға алу жөнінде ұсыныс білдірді. Сот алқасы экс-бас директорды қамауға алуға қаулы шығарды. Ал зауыт департаментінің бұрынғы директоры үй қамақта болады.

Биылғы мамырда Атырау қаласының №2 сотында Атырау мұнай өңдеу зауытының («АМӨЗ» ЖШС) бұрынғы бас директоры Д. және сатып алу департаментінің директоры С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, айыпталушыларды ақтау үкімі шығарылды.

Сол кезде мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директорына ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының төрт эпизодымен айып тағылған.

Алайда сот айыпталушылардың әрекеттерінде тағылған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оларды барлық эпизод бойынша кінәсіз деп таныды. Сондай-ақ сотталушылардың қылмыстық іс жүргізуші орган әрекеттерінен келтірілген заңсыз қылмыстық қудалау үшін зиянды өндіру құқығын таныды.

Серіктес жаңалықтары