$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2020, 18:32
Қоғам

Табысынан айрылғандардан өтініш қабылдау үшін жаңа сайт жұмыс істейді

Еңбек министрлігі жеке компаниямен бірігіп жаңа сайт әзірлеп жатыр

Табысынан айрылғандардан өтініш қабылдау үшін жаңа сайт жұмыс істейді

Төтенше жағдай уақытында табыссыз қалып, мемлекеттен 42 500 теңге әлеуметтік көмек алатындар үшін арнайы сайт жұмыс істейтін болады. EGOV үкіметтік порталында қиындықтардың тууына байланысты азаматтар өтініштерін бере алмай отыр. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі сайт арқылы тиісті өтініштерді қабылдауды бастайды деді министр Біржан Нұрымбетов.

«Еңбек министрлігі BTS жеке компаниясымен бірігіп жаңа сайт әзірлеп жатыр. Бүгін тесттік режимде сыналып біткен соң, ертеңнен бастап іске қосылады. Ол туралы министрліктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында нақты хабараланады. Оның қалай аталатынын да қосымша айтамыз. Одан тыс EGOV арқылы өтініш бере алмағандар ТеlegramBot арқылы да өтініш қалдыра алады»,- дейді салалық ведмоство басшысы.

Министрдің айтуынша, 23 наурыздан бері елде 1 мың адамның өтініші мақұлданып, 42 500 теңгелік әлеуметтік көмек тағайындалған.

Қазақстанда жеке кәсіппен айналысатын тұлғалардың саны 1,5 млн адам, жеке практикалық қызметпен (сот орындаушылары, адвокаттар, нотариустар-авт.) саны 2 мыңнан асады. Азаматтық-құқықтық ретпен (флиранс- авт.) – 180 мың адам, Бірыңғай жиынтық төлемі бар (ЕСП- авт.) 316 мың адам тіркелген.

Министр азаматтардан мәліметтерді дұрыс толтыруды сұрайды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен зейнетақы қорына бір рет болса да төлем жасаған азаматтар ешқандай кедергісіз төлем алады.

«Сонымен бірге, еш жерде жұмысқа тіркелмеген, бірақ әртүрлі жолмен табыс тауып жүрген азаматтар да бүгін қиналып, табысынан айырылып отыр. Олардан мұндай әлеуметтік төлемдер талап етілмейді. Ондай азаматтар бір рет бірыңғай жиынтық төлемді, яғни ЕСП төлесе жеткілікті. Ол үшін екінші деңгейлі банктердің мобилдік қосымшасын пайдалануға болады. Егер ол да болмаса SMS арқылы төлем жасауға болады. Қала тұрғындары үшін 5505 номеріне GORODESP+ЖСН, ауыл тұрғындары үшін  SELOESP+ ЖСН деп жіберсе, ақша алынады. Қала тұрғындары үшін 2651 теңге, ауыл тұрғындары үшін 1325 теңге»,- деді біржан Нұрымбетов.

Президент тапсырмасына орай, елде жаңа жұмыс орындарын ашу үшін 1 трлн теңге қарастырылды. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында аймақтарда, ауылдарда жұмыссыз отырған азаматтар әкімдікке барып тіркеліп, бос жұмыс орынадарына кіре алады. Ол үшін 85 мың теңге кіріспе өтемақы берілмек. Ол жалақыдан тыс алғаш жұмысқа кірген сәтте беріледі. Ал жаңа жұмыс орындарында жалақының ең төменгі көлемі 85 мың теңгеден кем болмайды. Сөйтіп жұмысшы алғашқы айда 170 мың теңгеден кем жалақы алмайды. 

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары