ШұғылЛицензиясынан айырылған Tengri Bank салымшыларының кепілдік өтемі қайтарыла бастады

Карантин қашанға дейін созылады – Абаевтың жауабы

Елде 15 сәуірге дейін карантин

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ел қалаларындағы карантин режимі қаншаға созылатыны туралы сұраққа жауап берді.

«Қазір карантинді ұзарту туралы айтуға ерте. Ешкім екі апта бұрын эпидемиологиялық жағдайдың қалай болатынын нақты айта алмайды. Бірақ, біз барлығына дайын болуымыз керек. Президент айтқан шаралар жағдай күрделеніп кеткенде де тыныштық пен тұрақтылықты сақтау мақсатында қабылданып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына байланысты жұмыс жоспары және Ұлттық қорда жиналған қаражат бар», - деді министр онлайн-брифингте.

Ал Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов елдегі төтенше жағдай екі айға созылуы мүмкін деп болжайды. Бірақ карантин төтенше жағдайға тікелей байланысты емес. Оны әдетте, өңірде қалыптасқан ахуалға байланысты жергілікті атқарушы органдар шешеді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан