ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Коронавирустан көз жұмған адамның мәйіті туыстарына берілмейді – бас санитар дәрігер

Адамдар коронавирустан қайтыс болған адамның мәйітінен кем дегенде 3 метр алыс тұруы керек

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантиннен қайтыс болғандарды жерлеудің алгоритмін бекітті. Алгоритмге сәйкес, мәйіттің денесін ашуға болмайды, туыстарына берілмейді. Ал қоштасу, яғни жаназа рәсімі 1 сағаттан аспауы тиіс. Адамдар мәйіттен кем дегенде 3 метр алыс тұруы керек.

«Ритуалды рәсімге тек бір ғана дін қызметкері қатыса алады. Бұл жағдайда дін қызметкері мен туыстарына қайтыс болған адамның денесіне жақындауға тыйым салынған. Жерлеу рәсімі эпимедиялық шараларды сақтай отырып өткізіледі», - деді бас санитарлық дәрігер.

Бас санитар дәрігер қазір қауіпті инфекция тек сыр елдерден келгендер арқылы ғана емес, ел ішінде жүрген азаматтардан да тарап жатқанын растады.

Еске салсақ, Қазақстанда коронавирустан үш адам көз жұмды. Ал, қауіпті індеттен айыққандар саны – 24 адам.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан