ШұғылҚазақстанда тағы 517 адамнан коронавирус анықталды

Үш қалада дәрігерлер коронавирус жұқтырып алды

Олар Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында жұқтырған

Суретте: Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларында медициналық қызметкерлердің коронавирус жұқтырып алғанын хабарлады.

«Өкінішке қарай, бірнеше аймақтағы медициналық қызметкерлер коронавирус жұқтырды. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында жұқтырған. Дәрігерлерді қорғай алсақ, науқастарды да емдей аламыз», - деді А.Есмағамбетова.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Ұлттық онкологиялық орталықта бір маманнан коронавирус анықталғанын айтқан. Сол жағдайдан кейін мекеме карантинге жабылды.

Бас санитар дәрігердің мәліметінше, елде тіркелген 369 науқастың 70%-ы вирусты байланыс арқылы, яғни Қазақстанның өз ішінде жұқтырған.

«Бір адам төрт адамға бірдей жұқтыруы мүмкін. Коронавирус адамнан алғашқы белгілері байқалмай тұрып та жұға береді. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында бір кісі жеті кісіге жұқтырған жағдай да тіркелді. Бұл қауіптің жоғары екенін көрсетеді», - деді А.Есмағамбетова.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Сұхбат