ШұғылҚазақстанда тағы 517 адамнан коронавирус анықталды

Атырауда коронавирус жұқтырған соңғы үш адамның екеуі Ыстамбұлдан келген

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 16 адамға жетті

Фото: ашық дереккөзден

37 жастағы Атырау қаласының тұрғыны вирус жұқтырған оралдық әйелмен байланыста болғандардың тізімінде тұрған. Оның коронавирус жұқтырғаны туған жеріне оралған соң белгілі болды. Бұл туралы ақпаратты Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Екінші ауру жұқтырған пациент – 20 жастағы жігіт, 27 наурыз күні әуежайға қонған Ыстамбұл – Атырау арнайы рейсінің жолаушысы. Ол азамат ЖРВИ белгілерімен инфекциялық стационарға жатқызылды. Оның коронавирус жұқтырғаны қайта тексерілгенде анықталды. Сондай-ақ бұл рейспен 28 жастағы тағы бір әйел келген. Ол ЖРВИ белгілерімен әуежайдан ауруханаға жеткізілген, кейін инфекция жұқтырғаны анықталды», - делінген ақпаратта. 

Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны Атырау қаласындағы облыстық ауруханаға ЖРВИ белгілерімен шағымданған. Тест нәтижесінде, оның  коронавирус жұқтырғаны анықталған.

«Қазіргі кезде науқаспен байланыста болған адамдардың тізімі құрылуда. Бұдан басқа, Денсаулық сақтау басқармасының шешімімен, облыстық аурухана екі күнге карантинге жабылды. Медициналық мекемеде дезинфекция жүргізіліп, індет жұқтырған медициналық қызметкерлер мен пациенттер оқшауланған», - делінген.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 16 адам болды. Барлық пациенттер инфекциялық стационарда жатыр. Олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге жатқызылуда.

Сұхбат