$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Кешірім сұра»: ҚазАвтоЖолдың жұмысын сынға алған журналиске қысым көрсетіліп жатыр

Ұлттық компания мәселеге қатысты ресми түсініктеме берді

«Кешірім сұра»: ҚазАвтоЖолдың жұмысын сынға алған журналиске қысым көрсетіліп жатыр

Алматы-Жаркент автожолының құрылысын сынға алған журналиске қоқан-лоққы жасалып жатыр. Бұл туралы БАҚ өкілі өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Журналист мердігер компания өкілінің What’s app желісі арқылы оны қорқытқан аудио хабарламаларының видеосын жариялады.

Бұған дейін Диас Нұрақын жолға жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолындағы бетонның арасындағы қуысқа пенопласт тығып қойғанын көрсеткен еді. Жоғары санатты жол саналатын автобетонның қуысын компанияның осылайша жамауы қоғамның ашуын туғызды. Ақылы жолдағы бұл жайтты журналист Диас Нұрақын өзінің фейзбуктегі парақшасына жариялады.

«ҚР Көлік министрлігі не деп ақталасыздар ал? Әлде жаңа технологиямызды талқандап, жолды бүлдірдің деп жауапқа тартасыздар ма мені? «ҚазАвтоЖол» жол салудың тың технологиясын тауыпты. Алматы-Шелек бағытындағы бетон жолдың жыртығын пенопластпен жамап қойыпты. Енді қазақтарға жол салу үшін бетонның да битумның да керегі жоқ»,  - деп жазды журналист.

Диас Нұрақынның сөзінше, дәл осы жазбадан кейін оны әлдекім қорқытып, үстінен арыз жазатынын ескертіп, кешірім сұрауды талап еткен.

«Сенің телефоныңды таптық. Біздің пенопласты шығарып тастаған сен екенсің. Қазір екі сағаттан соң Алматыда болам. Үстіңнен жолдағы пенопласт алып тастағаның үшін арыз жазамын. Енді ол жол бүлінсе сен жауапты боласың. Немесе «заявление жазба» деп видеоның астына кешірім сұра»,- деп қоқан лоққы көрсетті дейді журналист.

Ал журналист өзіне ақпараттық шабуылдың көбейгенін, алайда ешкімнен кешірім сұрамайтынын айтты.

«ҚазАвтоЖолдың» былығын ашып едім жан-жақтан талап жатыр. Тіпті угроза жасауға көшті. Алматы-Шелек-Қорғас тас жолының учаске басшысымын деген біреу кешірім сұра деп дікеңдеуде. Мехмет Шахин деген жігіт «көзіңе көк шыбын үймелетемін» дейді. Тіпті бетонкадағы пенопластты алып тастағаным үшін бұдан былай осы жолдың күтімі сенің мойныңда деді. Себебі бетон жолды қаудыраған пенопласт ұстап тұр екен. Енді үгітіліп кетсе басыңмен жауап бересің деп доқ көрсетті. Яғни Шелектің тұсындағы бетонканың күтіміне жауапты болып кеттім»,- деп жазды Диас Нұрақын өзінің Facebook парақшасында.

Ал аталған жағдайға қатысы Ұлттық компания ресми мәлімдеме жасады. Баспасөз қызметіңің хабарлауынша, жолдың қуысын пенопластпен бітеп қою ешқандай заң бұзушылыққа жатпайды.  «Алматы-Шелек-Қорғас» күре жолының орташа жөндеу жұмыстарына екі мердігер компания жауапты. Бұл жұмыстар цементбетон жабындысын жөндей отырып плиталарды ауыстыру, деформациялық жікті анкерлеу және герметизациялау әдісімен орнату керек.

«Бұл жұмыс жазда атқарылады.Технологияға сәйкес бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін пеноплекс қолданылады (бұл қолданыстағы қалыпты тәжірибе). Алдағы уақытта мердігер ұйымдар бұл технологияның үстіне битум мастикасын қолданбақ. Жұмыстар әлі толық аяқталған жоқ. Бұл видеода жөндеу жұмыстарының аралық нәтижесі ғана бейнеленген. Мердігер ұйымдарға келтірілген залалға байланысты бұл материал тиісті шешім мен шараларды қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілмек. Республикалық маңызы бар автожолдардың барлық пайдаланушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз! Сондай-ақ ҚазАвтоЖолға қарасты 1403 байланыс орталығының жұмыс жасайтынын еске саламын.  Жол пайдаланушылармен кері байланысты нығайту үшін операторлар тәулік бойы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мен күтіп-ұстау мәселелері бойынша кеңес береді», - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Ләззәт Стамғазиева.

Серіктес жаңалықтары