Биыл еліміз бойынша жерасты шахталарына заңсыз кірген 3 адам қаза тапқан
Соңғы бес жылда шахтаға заңсыз кірген 4 295 адам жауапқа тартьлды
Елімізде жерасты шахталарына заңсыз кіру деректері жиілеп кетті. Соңғы бес жылда шахтаға заңсыз кірген 4 295 адам жауапқа тартьлған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ақмола облыстық прокуратурасы хабарлағандай, Степногорск өңірінің аумағында «Алтыналмас» компаниялар тобына жататын алтын өндіретін кеніштер орналасқан.
«Заңда көзделген жауапкершілікке қарамастан, Степногорск аймағының аумағында жерасты шахталарына заңсыз кірудің көптеген фактілері байқалады. Соңғы 5 жылда шахталарға заңсыз кіргені үшін ӘҚБтК 506-бабы бойынша 4 295 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қайталап – 480 адам, 3 реттен артық 100-ден астам тұлға тартылды», - дейді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар 2023 жылда шахталарда 3 заңсыз іздеуші қаза тапқан.
«Мысалы, бұрын осындай құқықбұзушылық жасаған заңсыз ізденуші биыл жарылыс салдарынан қаза тапқан. Сондай-ақ соңғы 2 жыл ішінде күзетілетін объектіге заңсыз кіру бойынша 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деді прократура өкілдері.
Құзырлы орган қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру ӘҚБтК 506-бабы бойынша әкімшілік, сондай-ақ ҚР ҚК 269-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкелетінің және аталған баптың санкциясы жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделгенін ескертеді.