$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2020, 13:09
Қоғам

«Коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң расталды» – мамандар Қарағандыдағы өлім жайлы

Коронавирустан қайтыс болған қарағандылық азамат туралы ақпарат жарияланды

«Коронавирус жұқтырғаны қайтыс болған соң расталды» – мамандар Қарағандыдағы өлім жайлы
Фото: ашық дереккөзден

Коронавирустан көз жұмған қарағандылық азамат 30 наурыз күні ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Бұл туралы Қарағанды облысының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қанат Асқаров мәлім етті.

«Ауруханаға түскенде екіжақты пневмония және ауа жетіспеушілігі анықталып, науқастың жағдайы ауыр екені белгілі болды. Науқас бірден жақсақтау бөліміне жатқызылды. Оған протоколға сай қажетті медициналық көмек көрсетілді. Соған қарамастан, науқастың жағдайы нашарлай берді. Ол бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында көз жұмды», - деді ол.

Мамандардың айтуынша, марқұм болған азамат (1958 жылы дүниеге келген) бұған дейін медициналық көмекке жүгінбеген. Қалалық ауруханаға тек 30 наурызда жеткізілген.

«Науқас келіп түскеннен кейін бірден коронавирусты анықтау бойынша сараптама тағайындалды. Ер адамның қауіпті вирусты жұқтырғаны қайтыс болғаннан кейін расталды. Марқұм Теміртауда нотариус болып жұмыс істеген. Науқаспен байланыста болғандардың барлығы оқшауланды. Қазіргі таңда онымен байланыста болған 13  адам анықталды», - деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі бөлімінің басшысы Бибігүл Төлегенова.

Облыста коронавирус жұқтырған 13 адам дәрігерлердің бақылауында. Осы апта ішінде облыста коронавирус жұқтырған екі науқас айығып шығады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 598 адам карантинде жатыр.

Қазақстанда коронавирустан осымен үшінші адам көз жұмды. Ал, қауіпті індеттен айыққандар саны – 24 адам.

Әсел Тұмашқызы

Серіктес жаңалықтары