01.04.2020, 11:32
Қоғам
Қарағанды облысында коронавирустан бір адам көз жұмды
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 363 адамға жетті
Көрнекі фото: bbc.com
1 сәуір сағат 11:15-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың қатары тағы 15 адамға көбейді. Сондай-ақ қауіпті індеттен Қарағанды облысында бір адам көз жұмды. Бұл туралы ақпаратты www.coronavirus2020.kz порталы да жариялады.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 363 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан – 184;
- Алматы – 84;
- Шымкент – 3;
- Атырау облысы – 16;
- Ақмола облысы – 16;
- Алматы облысы – 8;
- Ақтөбе облысы – 3;
- Қарағанды облысы – 14;
- Жамбыл облысы – 3;
- Шығыс Қазақстан облысы – 2;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 3;
- Павлодар облысы – 1 адам;
- Маңғыстау облысы – 1;
- Қызылорда облысы – 18;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Түркістан облысы – 5.
Қазақстанда коронавирустан осымен үшінші адам көз жұмды. Ал, қауіпті індеттен айыққандар саны – 24 адам.
Көп оқылған
14.08.2026, 08:41
Оралда сегіз жасар қыз септикке құлап, көз жұмды
14.08.2026, 15:20
Бір ай комада жатты: Астанада аттан жығылған қыз ауруханада көз жұмды
14.08.2026, 10:46
«Бордюр мен автобус арасынан өтпек болған»: елордада самокат мінген жасөспірім автобустың астына түсті
14.08.2026, 15:50
Аптап ыстықтың беті қайта ма: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды