Отбасына озбырлық көрсеткендер қалай жазаланбақ?
ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстарды азайту үшін заңға түзетулер енгізгізуге ниетті
шкі істер министрлігі отбасындағы озбырларды үйінен қуып шығып, жазалауды жоспарлап отыр. Жауапты орган тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстарды азайту үшін заңға осындай түзетулерді енгізгізуге ниетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Біз отбасына озбырлық көрсеткендерді үйден шығару мәселелерін қарастырып жатырмыз. Бұл шара оларды тексеру кезеңінде уақытша оқшаулауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарды енгізу мен психокоррекциялық тренингтерден өткізу және алкогольді тұтынуға тыйым салу да ұсынылмақ", - деді ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығы Руслан Қаржасбеков.
Ішкі істер министрлігі жазаны әлде де күшейту оң әсері беретінініне сенімді. Бұл ретте статистиканы да мысалға келтірді. Мәселен, озбырлыққа қарсы заң күшейтілгелі жанұядағы жанжалдар жайлы өтініштер едәуір азайыпты. Сондай-ақ, психологиялық жұмыстар жәбірленушілермен ғана емес, агрессорлармен де жүргізіле бастаған. Бүгінде отбасына қатыгездік көрсеткен жетпіске жуық адам психологиялық көмекке жүгінген. Курстан өткен отбасыларда тұрмыстық жанжалдар қайталанбады дейді тәртіп сақшылары.