Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Израиль мен Палестинаны өзара екіжақты келісімге шақырды

Azattyq Rýhy

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі отандастарымызбен тұрақты байланыста екендерін хабарлады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Израиль мен Палестинаны өзара екіжақты келісімге шақырды

Қазақстан көптеген бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкеп соққан Палестина-Израиль қақтығысының өршуіне терең алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды Azattyq ruhy Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тараптарды ахуалды бейбіт жолмен шешу үшін саяси құралдар іздестіруге және тек екі мемлекет арасындағы ғана емес, жалпы Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі ықтимал  іс-әрекеттерге бармауға шақырамыз. 

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі біздің азаматтарымызбен тұрақты байланыста. Елшіліктің жедел байланыс арнасы ашылып, Қазақстан азаматтарына елге оралу үшін одан әрі көмек көрсету мақсатында олардың тізімі жасалуда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.