Ауғанстандағы жер сілкінісінің құрбандар саны екі мыңнан асты
Құрбан болғандар мен жарақат алғандар саны өсуі мүмкін
Ауғанстанның батысында қуатты жер сілкінісі болды. Зілзала құрбандарының саны өсуі мүмкін, көп адам қирандылар астында жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында жер сілкініп, кемінде екі мыңнан астам адам құрбан болған.
Құрбан болғандар мен жарақат алғандар саны өсуі мүмкін. Өйткені көп адам әлі қирандылар астында жатыр.
Зілзаладан әсіресе Зенда Джан ауданындағы 4 ауыл қатты зардап шекті, онда ондаған үйге зақым келген.
АҚШ геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, сенбі күні осы ауданда 6.3 магнитудалы дүмпу болған. Зілзаланың ошағы Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км қашықтықта жатыр.