ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте тағы 271 адам індет жұқтырып, 4 адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3,5 мыңға жетуі мүмкін – министр

Елжан Біртановтың айтуынша, көрсеткіш бұл межеден аспайды деп болжанып отыр

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде наурыз, сәуір, мамыр айларында коронавирус жұқтырғандар саны 3500-нан аспауы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Елжан Біртановтың айтуынша, коронавирусқа қатысты болжам жасауға көптеген фактор әсер ететіндіктен, нақты болжау қиын.

«Ең бастысы – карантин шараларын сақтау керек. Коронавируспен ауырған адам оны тағы 3-4 адамға жұқтыруы мүмкін. Теориялық тұрғыда халықтың басым бөлігі ауру жұқтыруы мүмкін. Бірақ қабылдаған карантин шарасы бұл қауіпті 50%-ға азайтты. Қазіргі қабылданып жатқан шаралар болжамдарға әсер етеді. Жалпы алғанда наурыз, сәуір, мамыр айларында елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3500-ден аспайды», - деді ол.

Елжан Біртанов осы болжам негізінде шешім қабылданғанын, яғни,осынша адамға арналған төсек-орын, дәрі-дәрмек дайындалғанын айтты.

«Сәуір айында эпидемияның шарықтау шегінен өтеміз. Ары қарай инфекция тасымалдаушылар санын азайту мақсатында карантин шараларын жалғастыра береміз. Инфекцияның таралуын тоқтату мақсатында облыстық деңгейде, қалалық деңгейде карантин жариялануы мүмкін. Карантин жағдайында тек шетелдік азаматтар ғана сыртқа шыға алады және өзіміздің елдің азаматтары ғана елге кіре алады. Шетел азаматтары елге кіре алмайды. Әр өңірдің эпидемиологиялық жағдайына байланысты әкімдер шешім қабылдайды. Қазіргі заңнама бойынша, бұл шешімді облыстың не ауданның бас санитар дәрігері жариялайды», - деді ол.

Елжан Біртанов карантиндік шаралардың негізгі мақсаты инфекцияның таралуын жою екенін атап өтті.

«Бұл инфекция ел арасында әлеуметтік қарым-қатынас негізінде тарайды. Біз туыстармен, басқа да адамдармен жұмыс бойынша, әртүрлі себептер бойынша араласамыз. Соны тезірек тоқтатсақ, инфекция да тоқтайды», - дейді ол.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған