$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.03.2020, 05:43
Қоғам

Елордада 1,5 мың медицина қызметкеріне сыйақы берілді

Емханалар мен ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер үшін көлік ұйымдастырылған

Елордада 1,5 мың медицина қызметкеріне сыйақы берілді

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус індетімен күресіп жатқан медицина мамандарына сыйақы берілді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

«Елордада 1,5 мыңға жуық медицина қызметкері коронавируспен күресіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес медицина қызметкерлеріне сыйақы берілді. Елбасының тапсырмасына бойынша «Біз біргеміз» қорынан коронавируспен ауырған пациенттермен тікелей байланыста жұмыс істеп жатқан медицина қызметкерлеріне қосымша қаражат бөлінді», - делінген хабарламада.

Елорда әкімдігі коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері үшін қонақ үйлер, көлік бөліп, тамақ ұйымдастырды. Емханалар мен ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер үшін де көлік ұйымдастырылған. Көлікті CTS компаниясы ұсынды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Үкімет шешімімен дәрігерлерге 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін үстемақы төленетінін хабарлаған едік.

Серіктес жаңалықтары