$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жемқорлар қолды қылған 9,2 млрд теңге қайтарылды

Биыл жемқорларды анықтауға көмектескендерге 520 мың теңге сыйақы төленді

Алматыда жемқорлар қолды қылған 9,2 млрд теңге қайтарылды
Inbusiness.kz

Алматыда жемқорлар қолды қылған 9,2 млрд теңге қайтарылып, тағы 5,4 млрд теңге бұғатталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментінің өкілдері мәлім еткендей, қаланың құрылыс, тұрғын үй саласын жемқорлық жайлаған. Одан бөлек экология, жер, бизнес, экономика және қаржы, фискалдық, әлеуметтік, инфрақұрылым және жол бағытындағы жұмыстарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына кіреді.

Кәсіпкерлердің ісіне заңсыз аралсу да тоқтаған жоқ. Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы 8 мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 3 сыртқы талдау жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша 129 ұсыныс енгізілді, 24 тұлға жауапкершілікке тартылды.

«Өңірлік проблемаларға терең үңіле және әрбір өңірдің ерекшелігін ескере отырып, агенттік облыс пен республикалық маңызы бар қалалар үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі. Картада процестердің ашықтығына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілмегеніне байланысты шешімін табу мүмкін емес өзекті мәселелердің тізбесі ұсынылған», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Арман Рахимов.

Спикердің айтуынша, мемлекеттік органның ерекше бақылауында бизнес саласы бар. Алматыда 350 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7 факт бойынша ӘҚБтК-нің 465-бабы бойынша рұқсат беру тәртібі мен мерзімін бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды.

Бұдан басқа, 9,2 млрд теңге өтелді және 5,4 млрд теңге бұғатталды.

«Кәсіпкерлерге көмек көрсету мақсатында «Бизнес жол» жобасы аясында екі мыңнан астам кәсіпкерді қамти отырып, алпыс бес кездесу өткізілді, проблемалық мәселелердің жиырма алты кейсі шешілді, алты жүз кәсіпкердің құқықтары қорғалды», - деді ол.

Агенттік «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске қосқан. Оның мақсаты – еріктілер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бей-жай қарамайтын азаматтарды тарту.

«Алматы қаласы бойынша 100-ден астам азамат сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дамыту, оның алдын алу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке белсенді қатысуға ниет білдірді. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік бойынша қоғамның санасын өзгертетін алдын алу жұмыстарының оң нәтижесі барын атап өтуге болады. Бұрын халық олардан пара алу фактілері туралы жиі жүгінетін болса, енді мемлекеттік қызметшілердің өздері оларға ұсынылатын сыйақылар туралы белгі береді», - дейді Рахимов.

Былтыр сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 13 адамға 2,6 млн теңге сомасында сыйақы берілген. Биыл жемқорларды анықтауға көмектескені үшін 3 адамға 520 мың теңге сыйақы төленді.

Серіктес жаңалықтары