Жасөспірімдердің жан-жақты бәсекеге қабілетті етіп қалыптасуын қолдаймыз – депутат
Бұл бағытта депутат құзырлы министрліктермен бірлесе жұмыс атқарылып жатқанын айтты
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков балаларды қосымша біліммен қамту бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасы әзірленген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жасөспірімдерге қосымша білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс институты енгізілген. Яғни, мектеп жасындағы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қосымша білім беру орталықтары, мәдени үйірмелер, спорттық секциялар жанданып келеді», - деді Исабеков.
Депутаттың айтуынша, бұл балалардың бос уақытын тиімді пайдаланып, шығармашылық және спорттық қабілетін, қарымын жетілдіруге септігін тигізеді.
«Елдегі барлық оқушыны тегін үйірмелермен қамтуды жетілдіре түсу керек. Бұл бағытта жұмыстарды Үкімет 2023 жылы 81 пайызға арттырды. 2027 жылға дейін бұл мақсатты 100 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Жүйелі жоспар құрып, жасөспірімдерді жан-жақты бәсекеге қабілетті етіп қалыптасуын біз қолдаймыз. Дегенмен сапаға мән беру өте маңызды. Сондықтан бұл бағдарламаны аудандық және облыстық деңгейде іске асыратын басқармалар мен бөлімдер ашықтық пен жариялықты ұсынғаны дұрыс деп ойлаймын. Біз бұл бағыттарды әріптестірімізбен тиісті бақылауға алып, құзырлы министрліктермен жұмыс істеуді жалғастырып жатырмыз», - деді Данабек Исабеков.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ