13.09.2023, 13:16
Қоғам
Теріс діни ағымда жүрген азаматтарға тыйым салуымыз керек – Ерлан Қошанов
Мәжіліс спикері Конституциямызға қарсы әрекет етушілер жайлы айтты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында теріс діни ағымдағы азаматтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Бүгін Мәжілістің отырысында бір депутатымыз сауал жолданды. «Домбыра-харам» деген әңгіме шықты, көрдіңіздер. Айтып жүрген азаматтарға мен айтар едім: «Біздің ғасырлар бойы қолынан домбыра түсіп көрмеген бабаларымыз сонда күнәһар болғаны ма?». Теріс діни ағымдарда жүрген, заңға қайшы, Конституциямызға қарсы әрекет етіп жүрген азаматтарға тыйым салуымыз керек», - деді ол.
Еске салсақ, Мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» партиясының депутаты Аманжол Әлтай қазақтың ұлттық домбырасына қатысты сауал жолдаған еді.
Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)