$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.09.2023, 11:21
Қоғам

«Еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді»: Тоқаев отандық туризм саласы туралы

Президент аталған бағытта кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуы тиіс екенін атап өтті

«Еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді»: Тоқаев отандық туризм саласы туралы
Фото; informatik.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт халыққа кезекті Жолдауында отандық туризм туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді.

Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс. Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн», - деді Президент.

Сондай-ақ ол жұмысқа өзіміздің шикізатты, тауарлар мен кадрларды басқаша айтқанда, барлық ішкі мүмкіндіктерімізді пайдалану қажеттігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары