Қазақстанда қаржы пирамидасы құрбандарының саны бірден үш есеге көбейген
Мұндай құқықбұзушылықтан келген залал мөлшері 7,9 млрд теңгені құрады
Елімізде қаржы пирамидаларының құрбаны болғандардың саны бірден үш есеге өсті, ал тіркелген құқықбұзушылықтар саны 23%-ға азайды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Finprom сарапшыларының зерттенуіне сүйенсек, биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы («Қаржылық (инвестициялық) пирамида құур және басқару») бойынша 69 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 22,5%-ға аз.
Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылдың осы кезеңінде 89 құқықбұзушылық тіркеліп, алдыңғы жылдан 44,4% төен көрсеткішті құраған.
«Өңірлік тұрғыда мұндай құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген: бір жыл бұрынғы 12 жағдайға қарсы 9 жағдай. Одан кейін Астана қаласы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары тұр: облыстардың әрқайсында 7 жағдайдан тіркелген. Сондай-ақ Атырау, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласы да аталған қылмыс саны жағынан алдыңғы орындарда тұр: облыстардың әрқайсында 5 жағдайдан тіркелген», - дейді сарапшылар.
Мұндай құқықбұзушылықтардың ең азы Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында тіркелсе, Алматы облысында бұл сипаттағы бірде-бір құқықбұзушылық тіркелмеген.
«Биылғы жеті айда қаржылық пирамида құрбандарының саны 1,3 мың адамға жеткен, бұл 2022 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда бірден 3 есеге көп көрсеткіш. Алданғандардың көпшілігі – әйелдер: 921 адам. Сондай-ақ зардап шеккендердің арасында 7 кәмелетке толмаған мен 48 зейнеткер бар», - деоінгген зерттеуде.
Жас тұрғысынан алғанда 1 жәбірленуші 14-15 жаста, 6 жәбірленуші 16-17 жаста, 42 жәбірленуші 18-20 жаста, 242 жәбірленуші 21-29 жаста, 382 жәбірленуші 30-39 жаста, 340 зардап шеккен – 40-49 жас аралығында, 181 құрбан – 50-59 жас аралығында, 81 құрбан – 60 жаста және одан жоғары.
Айта кетерлігі, жәбірленушілер саны үш есе өскеніне қарамастан, мұндай құқықбұзушылықтан келген залал мөлшері 7,9 млрд теңгені құраған, бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен небәрі 3,3%-ға ғана артық. Оның ішінде 7,7 млрд теңге жеке тұлғаларға, 176,7 млн теңге заңды тұлғаларға келтірілген залал.
«Биылғы жеті ай қорытындысы бойынша қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқаруға қатысы бар 82 адам ұсталды», - дейді сарапшылар.