$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.03.2020, 13:02
Қоғам

Прокурорларға 40 мың доллар пара ұсынғандар 8 жылға бас бостандығынан айрылды

Шахтинск қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі басшысы мен екі кәсіпкер бюджет қаражатын жымқырғанын жасырмақ болған

Прокурорларға 40 мың доллар пара ұсынғандар 8 жылға бас бостандығынан айрылды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлім етті. Оның хабарлауынша, Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шахтинск қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы М.С. Әлиев пен «Байтас ХХI» ЖШС басшылары А.Д. Цой мен Д.П. Ханға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Олар шамамен, 232 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғанын жасырмақ болған. Бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Цой мен Ханға қатысты бұрын тіркелген қылмыстық істі тоқтату үшін ҚР Бас Прокуратурасының лауазымды тұлғаларына 40 мың АҚШ доллары сомасында пара беруге ұмтылып, бір топ тұлғаны арандатқаны үшін күдікке ілінген», - деді Д. Бигайдаров.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен, Әлиев 10 жылға, Цой мен Хан 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ, сотталған азаматтар енді өмір бойы мемлекеттік қызметте басшылық қызметте бола алмайды. 

Әсел Тұмашқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары