ШұғылҚазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 232 адамға жетті

Шымкентте Covid-19 жұқтырған жігіттің анасынан инфекция анықталды

Шымкент қаласындағы науқастың денсаулық жағдайы

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын (COVID-19) жұқтырған екінші науқас 1970 жылғы туған әйел адам. Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

«Науқастың қазіргі жағдайы қанағаттандырарлық. Коронавирус инфекциясының диагностикасымен мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде. Бүгін диагнозы расталған азаматша, кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласымен тұрмыстық тығыз қатынаста болғандықтан, азаматша 24 наурыз күні жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Анализдері алынып, 25-наурыз күні оң нәтиже берді»,- деп хабарлайды әкімдік.

Еске салайық, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 80 адамға жетті.

Сұхбат
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады