Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттады

Azattyq Rýhy

Мегаполисте жол жүру құны 11 жылдан астам уақыт бойы өзгеріссіз болған

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттады
Фото ашық дереккөзден

Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру құны 20 теңгеге өседі. . Бұл туралы мәслихаттың VII сессиясында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Әмриннің сөзінше, мегаполисте жол жүру құны тасымалдаушылардың шығындарының өсуіне қарамастан 11 жылдан астам уақыт бойы өзгеріссіз болғанын атап өтті.

"Ағымдағы тариф тасымалдаушылардың шығындарын өтемейді, өйткені жол жүрудің нақты құны бекітілгеннен 3 есе қымбат. Осыған байланысты әкімдік ай сайын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялар түрінде жабуда. 2020-2022 жылдар кезеңінде төленген субсидиялар сомасы 115,8 млрд. теңгені құрады", - деді Асқар Әмрин.

Ол сондай-ақ жолаушылар үшін қоғамдық көлікте жол жүру құны 20 теңгеге артатынын мәлім етті. 

"Инфляцияны, ЖЖМ бағасының өсуін және қосалқы бөлшектердің шығынын ескере отырып, төленетін субсидиялар сомасы жыл сайын 10-нан 30%-ға дейін ұлғаяды", - деді Алматы әкімінің орынбасары депутаттар алдында сөйлеген сөзінде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.