11 медициналық колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді – ДСМ

Azattyq Rýhy

Оқу орындарынан бірқатар проблема анықталған

11 медициналық колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді – ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық білім беру сапасы бойынша талаптар шеңберінде еліміздің 91 медициналық колледжін мемлекеттік аттестаттаудан өткізді, оның ішінде 11 оқу орны аттестатталған жоқ, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Мемлекеттік аттестаттау денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы оқу жұмыс бағдарламаларына, базалық кәсіптік модулдерді оқытуға, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, кадрлық әлеуетке, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және бірқатар проблемаларды анықтады.

Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары стандарттарының анықталған бұзушылықтары бір жылдан аспайтын мерзімде жойылуға тиіс.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген мерзімнің шеңберінде бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ұсынымдар жіберді және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қайта аттестаттау кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымына бару немесе білім беру қызметіне лицензияны қайтарып алу арқылы бақылау жоспарына енгізу үшін аттестаттаудан өтпеген медициналық колледждердің тізбесін ҚР Білім министрлігіне жібереді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.