03.08.2023, 21:12
Қоғам
Швецияда тағы бір акция өтіп, Құран кітап өртелді
Акцияны ұйымдастырушы Иран иммигранты діннің де саясат екенін баршаға жеткізгісі келетінін айтқан
Қала полициясы рұқсат берген акция Стокгольм маңындағы Дроттнингхольм патша сарайы жанында өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТАСС басылымына сілтеме жасап.
Акцияны ұйымдастырушы Иран иммигранты діннің де саясат екенін баршаға жеткізгісі келетінін айтқан.
Жаңбыр жауып тұрғандықтан қолшатыр ұстаған қыз шұңқыр қазып, оған құрғақ бұтақтарды тастайды. Содан кейін ол Құран кітаптың парақтарына бұл «заңсыз жазба» деп жазып, оларды жыртып отқа тастайды.
Болған жайтты журналистер тамашалады. Бірнеше наразылық білдірушілер акцияны тоқтатуды талап етіп, қызға ұрысқан.
«Ираныңа бар, кітабыңды сол жерде өрте!», деп айқайлады олардың бірі.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді