Бразилияда полиция 16 адамды атып өлтірді
Бразилияның Сан-Паулу штатында полицияның зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы шеру өтті
Бразилияның Сан-Паулу штатында полицияның зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы шеру өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Осының алдында тәртіп сақшылары арнайы операция өткізіп, 16 адамды атып өлтірген болатын. Ереуілшілер «сот-тергеусіз ел азаматтарын өмірінен айырып, мұндай қатыгездікке баруға болмайды» дейді. Ал полиция «қарулы күштер қауіпті жағдайда өзін қорғауға мәжбүр болды» деп ақталып отыр.
Дегенмен, штат губернаторы операция жүргізген полицейлердің іс-әрекетін тергеуге уәде берді.
«Сан-Паулу штатының губернаторы конституцияны өрескел бұзып отыр. Оның 5 бабы өмір сүруге құқық береді. Біз мемлекеттік қызметшілерге балаларымызды атып өлтіруге жол бермейміз», дейді тұрғындардың бірі.