30.07.2023, 12:15
Қоғам
Абай облысында екі ауыл таратылады
Құжат Ашық НҚА порталында талқылауға шығарылды
Абай облысының Аягөз ауданына қарасты екі ауыл таратылуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Абай облысы Аягөз ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
- Қоңыртау ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Ақшатау ауылдық округінің Дөненбай ауылының әкімшілік құрамына енгізілсін;
- Қопа ауылы таратылып, есептік деректерден алына отырып, оның аумағы Тарлаулы ауылдық округінің Тарлаулы ауылының құрамына енгізілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Абай облысы әкімдігі мен маслихаттың бірлескен шешімінде.
Құжат 10 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді