$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2023, 10:04
Қоғам

Есік өзенінде су деңгейі көтерілді: Алматы облысында екі бала құтқарылды

Балаларға медициналық көмек қажет болмады

Есік өзенінде су деңгейі көтерілді: Алматы облысында екі бала құтқарылды
Фото: almaty.tv

Алматы облысында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екі баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 шілдеде сағат 16:55-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Есік өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылдық округінде саяжай маңындағы аралда 2011 және 2012 жылы туған балалар қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері дереу оқиға орнына жіберілді.

«Құтқарушылар техниканы пайдалану арқылы сағат 17:17-де серуенге шығып, үйлеріне өз бетінше орала алмаған балаларды құтқарды. Балалардың бірін өрт сөндіруші-құтқарушы Руслан Алпысбаев, екіншісін № 3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Бағжан Оразымбетов көтеріп алып шықты. Балаларға медициналық көмек қажет болмады», делінген хабарламада.

Құтқарушылар ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары