29.07.2023, 09:41
Қоғам
Қостанайда такси жүргізушісі ер адамды пышақтап тастады
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Фото: kaz.zakon.kz
Қостанайда такси жүргізушісі ер адамды пышақтап тастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Алау» телеарнасына сілтеме жасап.
Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кеше Орталық базар аумағынан пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
«Бұл дерек тіркелді. Тексеру аясында полицейлер зардап шегушіге такси жүргізушісі жарақат салғанын анықтады. Жәбірленуші мен такси жүргізушісі арасында жанжал шыққан», делінген хабарламада.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді