$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2023, 11:05
Қоғам

Ақтөбеліктен 25 грамға жуық есірткі табылды

Ол есірткіні Telegram әлеуметтік желісі арқылы сатып алғанын айтқан

Ақтөбеліктен 25 грамға жуық есірткі табылды

Ақтөбе тұрғынынан 25 грамға жуық есірткі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ke сілтеме жасап.

«Ақтөбелік полицейлер «Қарасора-2023» рейді барысында 30 жастағы жергілікті тұрғыннан есірткісі бар 22 орама тәркіледі. Сараптама нәтижесі алынған зат жалпы салмағы 16,40 гр болатын а-PVP екенін көрсетті. Ер адам бұл орамаларды Telegram әлеуметтік желісі арқылы интернет-дүкеннен сатып алғанын түсіндірді, - делінген хабарламада.

Полицейлер ұсталған адамның тұрғылықты жерінде де тінту жүргізген. Оның барысында полиэтилен пакетке оралған, ішінде ұнтақ заты бар 9 орама табылды. Кейін ол зат жалпы салмағы 7,55 гр мефедрон екені анықталды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді», - деп нақтылады полициядан.

 

Серіктес жаңалықтары