Шымкентте футбол жанкүйерлері арасында төбелес болды

Azattyq Rýhy

Оқиға матч басталғанға дейін болған

Шымкентте футбол жанкүйерлері арасында төбелес болды

Желіде Шымкенттегі кешегі матч алдында «Ордабасы» мен поляк «Легиясы» арасында жанкүйерлердің жаппай қақтығысы болғандығы туралы бейнелер тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқиға матч басталғанға дейін, поляк жанкүйерлері УЕФА конференция лигасының жоспарланған кездесуі өтетін Қажымұқан Мұнайтпасов стадионына жақындаған кезде болған. Шымкентке шамамен 150 поляк жанкүйері келген. Белгісіз себептермен олардың кейбіреулері стадион маңындағы жергілікті жанкүйерлермен төбелесті.

Ойыннан кейін поляк журналисі Петр Каменецки ойын жайлы пікірін айтты.

«Қазақстандағы стадион тозақ болды. Газонға бөтелкелер мен тастар лақтырылды. Олар журналистердің қасынан ұшып, футболшылардың қасына құлады.  Төреші ойынды тоқтатуға мәжбүр болды, ал УЕФА делегаты үреймен қарап отырды. Матч соңына дейін өтті. Дегенмен кемшіліктер туралы өте ұзақ айтуға болады. Интернеттің жоқтығынан бастап, журналистер жасалған нашар жағдай мен жанкүйерлердің мінез-құлқын қосуға болады», - деп жазды ол.

Айта кетейік, «Ордабасы» мен «Легия» арасындағы матч 2:2 есебімен аяқталды. Кезекті кездесу 4 тамызда «Легия» стадионында өтеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.