«Ардагерлермен жұмыс істеу – тағылымды іс»: депутат «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы жайлы
Түркістан облысында 170-тен астам іс-шара ұйымдастырылған
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары,облыстық мәслихаттың депутаты Қалыйма Жантөреева Түркістан облысында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«AMANAT» артиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бірден-бір халықтың көңілінен шығып,нақты іс-шаралар атқарылып келе жатқан партиялық жоба. Жобаның мақсаты – осынау бейбіт күнге жетуімізге себепші болып, ҰОС кезінде жанқиярлық көрсеткен аға ұрпаққа, тыл ардагерлеріне, Ауған соғысы мен Қазақстаннан тыс аймақтардағы әртүрлі ұрыс қимылдарына реттеуші, бітімгерші ретінде қатысқан ардагерлеріміздің отаншылдық әрекеттерін жас ұрпаққа таныту, дәріптеу, адал азамат кейпін елге насихаттау. Жобаның мәні мен маңыздылығы ҰОС ардагерлеріне, тыл ардагерлерінің, ҰОС теңестірілген және Қазақстаннан тыс жерлерлерде реттеуші, бітімгер қатысушылардың қазіргі таңдағы тыныс тіршілігімен, хал жағдайымен танысып қамқорлық таныту, іс шаралар ұйымдастыруда ақылдасып кеңесуде жатыр», - дейді Қалыйма Жантөреева.
Оның айтуынша, ардагерлермен өткізілген әрбір іс-шараның артында үлкен тағылым, тәрбие,отаншылдық қасиет бар.
«Ардагерлердің ерліктерін естіген жастардың қызығушылығы, елге деген туған топыраққа деген сүйіспеншілігі арта түсетінін байқап жүрміз. Ардагерлермен өткізілген әрбір іс-шараның артында үлкен тағылым, тәрбие,отаншылдық қасиет бар. Ардагерлердің ерліктерін естіген жастардың қызығушылығы, елге деген туған топыраққа деген сүйіспеншілігі арта түсетінін байқап жүрміз «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында 26 сәуір мен 6 мамыр аралығында ұйымдастырылған «Қарттарым аман сау жүрші» онкүндік іс-шарасы кезінде жергілікті жерлердегі БПҰ-ның белсенділік танытуымен «Ардагер денсаулығы», «Жақсылық жасап жарысайық!» атты «Қамқор», «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» акциялары өткізіліп, «Жеңіс аталардың қанымен, аналардың терімен келді» атты тақырыпта кездесу, ҰОС ардагерлеріне, соғыс мүгедектері мен тыл ардагерлері, сондай-ақ 63-тен асқан тұрмысы нашар қарттарға, Ауған соғысы ардагерлеріне медициналық көмек көрсетуге арналған «Ашық есік күні» өткізілді, мектеп пен мекемелерде әртүрлі саладағы ардагерлермен кездесулер ұйымдастырылды», - дейді Жантөреева.
Депутат атағандай, ардагерлерге азық-түлікпен де көмектесу іс-шаралары жүзеге асырылады.
«Қарттарым аман сау жүрші» онкүндік іс-шарасына жалпы облыс бойынша 170 іс-шара ұйымдастырылып, партия тарапынан 465 партия мүшесі, оның. 242-сі облыстық, аудан, қала депутаттары, 89 саяси кеңес мүшесі қатысып, 14 ҰОС ардагері мен мүгедектеріне, 105 тыл еңбеккері мен жалпы саны әртүрлі саладағы 513 ардагерге азық-түлік таратылып қамқорлық жасалды. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында бірінші жарты жылдық бойынша 5 мерекелік іс-шара мен 1 рет «Қарттарым аман сау жүрші» атты онкүндік іс-шарасы өткізілді», - деді ол.
Қылайма Жантөрееваның айтуынша, жылдан жылға ҰОС ардагерлеріміздің саны сирей түсуде. Биылғы шілдедедегі жағдай бойынша14 ардагер қалған.
- ҰОС ардагерлерінің жесірлерінің саны - 101
- ҰОС ардагеріне теңестірілген ардагерлерінің саны – 1316
- ҰОС ардагеріне теңестірілген мұқтаж топтағы тыл ардагерлерінің саны – 1281
- Мекеме-кеңселерден зейнетке шыққан мүмкіндігі шектеулі, көмек қажет ететін мүгедек ардагерлер саны – 1018
- КСРО, Батыс Украина мен Батыс Беларуссияның қайта қосылған кездегі ұрыс қимылына қатысқан ардагерлер саны – 4
- Венгриядағы жанжалды реттеуге қатысқан ардагерлер саны – 8
- Ауған соғысы ардагерлерінің саны – 1137
- Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысқан ардагерлер саны – 178
- Чехословакиядағы жанжалды реттеуге қатысқан ардагерлер саны – 1
- Йемен Араб Республикасының ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлер саны -1
- Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгерші ретінде қатысқан ардагерлер саны – 3
- Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан ардагерлер саны – 243
- Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісімшарты әскери тобы ардагерлерінің саны – 8
- Әлеуметтік жағынан осал топтағы ардагерлер саны – 329
«Облыста жобаны іске асыру он екі кесте арқылы жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі әрі ерекшесі - Еріктілер тобы. Аудандарда құрылған еріктілер тобының құрамы 10 партия мүшесінен кем емес.Аудан,қалаларда Еріктілер тобы бастауыш партия ұйымы базасында құрылған. Еріктілер тобы өздерінің жоспарына сәйкес, әрбір ардагерді тұрғылықты мекенжайы бойынша бөлгілеп, бөліп алып, ұдайы хабар алып тұрады. Мерекелік концерттерге, кездесулерге алып баруға ықпал етіп, дәрігердің қай кезде барып денсаулығын тексеретінін айтып үздіксіз байланыста болады.Бұл жерде Жастар рухының рөлі ерекше. Ардагерлердің аулаларын тазалау, әктеу, көгалдандыру сияқты жұмыстарға қолғабыс етеді. Жуырда ғана Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруға тиіс» деген болатын. Адал азаматтарымыз ардагерлеріміз емес пе? Ендеше біздің партиялық жобамыздың аты да затына сай. Жұмыстарды әрі жалғастыра береміз», - деді Қалыйма Жантөреева.