Астана әкімдігі прокуратура қадағалауымен кәсіпкерге 12 млн теңгесін қайтарды
Сондай-ақ СҚО көлік прокуратурасы негізсіз ұсталған көлікті қысқа мерзімде қайтарды
Бас прокуратура құзырлы орган қызметкерлерінің күрделі проблемалық мәселені шешкен немесе қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша кәсібилік танытқан іскерлік және моральдық қасиеттерін мемлекеттік органдар мен қарапайым азаматтардың қалай жоғары бағалайтыны туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ведомство атап өткендей, кез келген құқық қорғау органының, оның ішінде прокуратура қызметінің тиімділігі оның қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін сауатты және сапалы орындау қабілетіне тікелей байланысты.
«Мысалы, Талдықорған қалалық соты өз ұсынысында Жетісу облысы прокуратурасының қызметкері С.А. Дүйсенбаевтың «Қаңтар» оқиғаларына байланысты қылмыстық іс бойынша жоғары біліктілігін атап өтті. Оның мемлекеттік айыптауды белсенді және сауатты қолдағаны жоғары лауазымды шенеунікке қатысты әділетті сот актісін шығаруға ықпал еткен», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Бүгінгі күні кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі. Күнделікті жұмыста заңды тұлғалар мемлекеттік және бақылаушы органдар тарапынан заңнаманы өрескел бұзушылықтарға жол берген кезде прокурорлардың жедел араласуын қажет етеді.
Бас прокуратураға «Қазвтормет», «Прогресс KZ» ЖШС, «ЕВРОКРУК» ЖШҚ басшыларынан алғыс хаттар келіп түсті, олар Астана қаласы прокуратурасы мен көлік прокуратурасының қызметкерлерін көтермелеуді сұрады.
«Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кәсіпкерге Астана қаласы әкімдігінен 12 млн теңге жедел қайтарылды. Келесі бір жағдайда Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасының қызметкерлеріне алғыс білдірген, атап айтқанда, ресейлік компанияның негізсіз ұсталған көлігін қысқа мерзімде қайтарған, ал кірме жолдардың су басу және қатып қалу проблемаларын жою «Қазвтормет» ЖШС-ның тұрақты жұмысын қалпына келтірген», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Бас прокуратура қызметкерлеріне сотталғандардан алғысхаттар келіп түсті, оларды Бас прокурордың наразылықтары негізінде Жоғары Сот ақтады.
«Жайнақ» шағын ауданының тұрғындары 4 ай бойы орын алған электрмен жабдықтау проблемаларын шешкен Алматы облысы Іле ауданының прокурорларына алғыс білдірді. Сондай-ақ Алматы қаласы Жібек Жолы және Мәуленов көшелеріндегі 4 көппәтерлі үйдің тұрғындары да коммуналдық жабдықтау проблемаларының осындай сұрақтарын шешкендері үшін прокурорларға ризашылық білдірген», - дейді ведомство өкілдері.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қызметкері Ж.Н. Мұрат «LIDER.KZ» еріктілерімен бірге 2 тәуліктен астам уақыт бұрын Астана қаласында жоғалып кеткен баланы тауып алып, ата-анасына тапсырған.
Сол секілді Қостанай облысының Рудный қаласында прокуратура қызметкері Н.Е. Қалман жоғалған көрші баланы тапқан.
Айта кетерлігі, биыл прокуратура органдарына мемлекеттік органдардан, азаматтардан және заңды тұлғалардан 128 алғыс хат келіп түскен. Ерекше жетістіктерге қол жеткізген қызметкерлерді Бас Прокурор мен облыс прокуратуралардың басшылары ведомстволық наградалармен және басқа да көтермелеу шараларымен марапаттады.