$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.03.2020, 14:15
Қоғам

Болат Өтемұратов коронавируспен күреске 1 миллион доллар бөлді

Бұдан бұрын компания 200 млн теңге аударған еді

Болат Өтемұратов коронавируспен күреске 1 миллион доллар бөлді

 «Верный Капитал» компаниялар тобы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтқа үндеуінен кейін республикалық коронавирусқа қарсы іс-қимыл қорына 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгінде әлемде коронавирус инфекциясы әр адамға қауіп төндіріп тұр. Жаһандық пандемияны тоқтату мақсатында Үкімет шаралар қабылдап жатыр. Бұл өте қиын уақыт және біз бір-бірімізге көмектесіп, қолдау көрсетіп, қиындықты бірге өткеруіміз керек. Мен қазақстандықтарға қолдау ретінде республикалық көмек қорына 1 миллион доллар аудару туралы шешім қабылдадым. Сондай-ақ, компания тобының кез келген жағдайда бизнесте әлеуметтік-жауапкершілік  қағидаттарына адал болатынын растаймын», - деп атап өтті Болат Өтемұратов.

Бұған дейін Болат Өтемұратов қоры Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында коронавирусқа қарсы күрес шараларына 200 млн теңге бөлген еді. Бұл ақшаға қор ағзада COVID-19 вирусын анықтау үшін экспресс-тесттер жиынтығын сатып алады және министрлікпен, сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесе отырып, мобильді пункттер ұйымдастырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Nur Otan» партиясы карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бөлгені хабарланды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет етуге 200 миллион теңге бөлді.

Серіктес жаңалықтары