Коронавирус: Алдағы екі аптада Нұр-Сұлтан тұрғындарына экспресс-тест жасалады
Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті

Онлайн режимде сұрақ-жауапсыз өткен брифинг барысында Сәуле Қисықова азаматтардан коронавирус инфекциясын анықтауға қатысты көп сұрақ туындап жатқанын айтты.
«Қазіргі таңда экспресс-тест арқылы коронавирус инфекциясын анықтауға қатысты көп сұрақ қойылып жатыр. Осыған байланысты мынаны мәлімдеймін: Халықтан коронавирус инфекциясын анықтауға арналған экспресс-тест алдағы екі аптаға жоспарланған. Қазір коронавирус инфекциясының таралуы құзырлы мүдделі органдардың бақылауында», - деп мәлім етті ол.
Оның айтуынша, қазір инфекцияны анықтау үшін көбіне шетелден ұшып келіп жатқан және олармен тығыз байланыста болған азаматтардан анализ алынады.
Қисықова мәлім еткендей, жалпы қала бойынша коронавирус инфекциясының диагнозы ұлттық тестілеу орталығында жасалады.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан