$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2023, 17:40
Қоғам

Сенатор Маңғыстау облысында АЭА қызметін дамыту мәселелерін талқылады

Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы өңірдегі өнеркәсіп драйвері

Сенатор Маңғыстау облысында АЭА қызметін дамыту мәселелерін талқылады

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысындағы жұмысы аясында әлеуметтік нысандарды аралады және кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен әңгімелесті,деп хабалайды Azattyq Ruhy.

Сенатор «Ақтау теңіз порты АЭА» АҚ-да болған кезде арнайы экономикалық аймақтың жұмысымен және оны одан әрі дамыту жоспарымен танысты. Депутат экономика салаларындағы қолдау шараларына түсініктеме берді және өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамытуға бағытталған негізгі тетіктерге тоқталды.

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы өңірдегі өнеркәсіп драйвері. Аймаққа жыл сайын шетелден инвесторлар көбірек келуде және жаңа жұмыс орындарын ашуға қосымша серпін береді», - деп атап өтті Орынбасаров.

Депутат сапар барысында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығымен де кездесті. Кездесуде кәсіпкерлік саласын дамыту, отандық және шетелдік инвесторларды тарту мәселелері талқыланды. Сенатор сондай-ақ әртүрлі проблемалық мәселелер бойынша тұрғындарды да қабылдады.

Депутат «Каспий тұщыландыру зауыты» ЖШС-де болды және тұщыландыру зауытын кеңейту жобасымен танысты. Зауытта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін тәулігіне 40 мың текше метр теңіз суын тұщытуға мүмкіндік беретіні айтылды. Бекбол Орынбасаров аталған кәсіпорынның маңыздылығын атап өтіп, жөндеу-орнату жұмыстарының жақын арада сәтті аяқталатынына сенім білдіретінін жеткізді.

 

Серіктес жаңалықтары