$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2023, 20:08
Қоғам

Маңғыстауда далаға төгілген мұнайдан мал қырылды – министрлік жауабы

Қараусыз қалған ұңғымаға жаңа оператор бекітілгеннен кейін тазалау жұмыстарын жүргізіледі

Маңғыстауда далаға төгілген мұнайдан мал қырылды – министрлік жауабы
Фото: egemen.kz

Бүгін әлеуметтік желіде ұңғымадан шыққан мұнайдың далаға төгіліп, салдарынан маңайдағы төрт түліктің қырылып жатқаны көрсетілген бейнежазба жарияланды. Осы оқиғаға байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Видеодада көрсетілген Маңғыстау ауданы Қарақия ауданының Жетібай ауылының шығыс бөлігіне шамамен 10-15 шақырым жерде орналасқан «Шалба» учаскесіндегі «NSH – P1» ұңғымасынан 2020 жылы төгілген мұнайдың эмульсиясы. Ол ұңғыманың иесі жоқ. Энергетика министрлігі «NSH – P1» ұңғымасын қайта аукционға шығарып, оны «ARK Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алған. Тиісінше, тағайындалған операторға қатысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен тазалау және рекультивациялау жұмыстары қарастырылуы тиіс», - деп жауап берді министрліктің баспасөз қызметінен.

Ведомство мәліметінше, аталған ұңғыма бойынша Экология департаменті бірнеше рет Энергетика министрлігіне, Маңғыстау облыстық прокуратурасына және Полиция департаментіне тиісті хат жолданған.

«Жаңа ұңғыма операторының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарты дайындалған уақытқа дейін департаменттің ұсынысымен адам денсаулығына зиян келтірмеу мақсатында және үй жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарақия ауданы әкімдігімен төгілген мұнай эмульсияларына уақытша қоршау жұмыстары ұйымдастырылған болатын. Сондай-ақ үй жануарының иесі төрт түліктің денсаулығына қауіп төндіруге, айналадағыларға зиян келтіруге жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті», - деп мәлім етті Экология министрлігінен.

Қараусыз қалған ұңғымаға жаңа оператор бекітілгеннен кейін тазалау жұмыстарын жүргізіледі. Талаптардың қатаң сақталуын Маңғыстау облыстық Экология департаменті бақылауда ұстайды.

Министрліктен мәлімдегендей, қазір оқиға орнында мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мал шығыны әзірге белгісіз.

Серіктес жаңалықтары