«Балалар демалуды жалғастырады»: Бала құқықтарын қорғау комитеті Алматыдағы лагерьге қатысты түсініктеме берді

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта қызмет көрсетуші компаниямен келісімшарт бұзылды

«Балалар демалуды жалғастырады»: Бала құқықтарын қорғау комитеті Алматыдағы лагерьге қатысты түсініктеме берді

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласындағы жеке балалар сауықтыру орталықтарының біріндегі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Министрлік пен білім басқармасының өкілдері жағдай болған жерде жұмыс істеп жатыр.

Шұғыл түрде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қызметтерін көрсетуге мониторинг жүргізу мақсатында жедел мобильдік топ құрылды.

«Мүдделі мемлекеттік органдарға олардың құзыретіне сәйкес балалардың орталықта қауіпсіз болуы, сондай-ақ конкурстық рәсімдерді өткізуге, шарттық міндеттемелерді қабылдауға және орындауға қатысты мәселелер бойынша хаттар жіберілді. Бұл мәселе толық шешілгенге дейін комитет төрағасының жеке бақылауында болады», - делінген хабарламада.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін қабылдаған болатын. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, Республикалық балалар-жасөспірімдер туризмі және демалыс қауымдастығының төрағасының (2023 жылғы 21 сәуір Алматы қаласында) қатысуымен ұйымдастырушылық мәселелер қаралған бірқатар кеңестер өткізді.

«Балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басты мақсатқа, сонымен қатар барлық шараларға қарамастан, орталық басшылығы тарапынан немқұрайлылық жіберілген.

Білім басқармасының ақпараты бойынша бүгінгі күні қызмет көрсетушімен шартты бұзу мәселесі қаралуда. Жақын арада балалар демалуды жалғастыру үшін басқа орталықтарға жіберіледі», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Алматыдағы сауналардың бірінде орналасқан балаларға арналған жазғы лагерьдің видеосы тарады. Онда бейнежазба авторы балалардың еденде ұйықтап жатқанын және лагерьдің ішінде сүлгі оранып, жартылай жалаңаш жүрген ер азаматтардың бар екенін көрсеткен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.