$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.07.2023, 18:44
Қоғам

Қазақстанда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспар қабылданды

Осылайша Президенттің тағы бір маңызды бастамасы жүзеге асты

Қазақстанда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспар қабылданды
Фото ашық дереккөзден

Президенттің тағы бір маңызды бастамасы жүзеге асты. Үкімет Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарды қабылдады. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"Мемлекет басшысы былтырғы қыркүйек айындағы Жолдауында осындай жоспар әзірлеу жөнінде тапсырма берген еді. Президент өзінің Сайлауалды бағдарламасында синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күресті маңызды басымдықтардың бірі ретінде белгіледі.

Мұндай жоспар 2016 жылдан бері болмағанын айта кеткен жөн. Бұл есірткіге қарсы күрестің тиймділігіне теріс әсерін тігізді.

Сондықтан былтыр Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес синтетикалық есірткінің таралуы мәселесін алғашқылардың бірі болып көтеріп, қоғам назарын аударды.

Парламент Мәжілісінің жаңа шақырылым депутаты да есірткі проблемасын айтып, алаңдаушылықтарын білдіріп, депутаттық сауал жолдады.

Президент Түркістандағы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде жастар арасында есірткінің таралуын ұлт саулығына қауіп төндіретін кесел деп атады. Мемлекет басшысы бұл мәселені айрықша бақылауда ұстайтынын айтты", - деп жазды Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында. 

Еран Карин қабылданған кешенді жоспар сараптамалық ортада, оның ішінде жастар саясаты жөніндегі кеңестің алаңында кеңінен талқыланғанын хабарлады.

"Қабылданған Кешенді жоспар сарапшылар арасында, соның ішінде Жастар саясаты жөніндегі кеңесте де кеңінен талқыланды. Құжаттағы жаңа тетіктер мен құралдар, ең алдымен, нашақорлықтың алдын алуды және есірткіге тәуелді адамдардың санын азайтуды көздейді. Кешенді жоспардың ең басты мақсаты – қоғамның, азаматтық институт мен барлық билік органдарының күш-жігерін осы мәселеге жұмылдыру.", - деп жазды ол.  

Серіктес жаңалықтары