$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Әкімдік қызметкерлері»: Жетісу облысында бюджеттің жарты миллиард теңгесін ұрлағандар ұсталды

Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

«Әкімдік қызметкерлері»: Жетісу облысында бюджеттің жарты миллиард теңгесін ұрлағандар ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Жетісу облысының прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлады деген айыппен мемлекеттік қызметкерлерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Прокуратураның мәліметінше, мемлекет қаражатын жымқырғандар арасында құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы да бар. Сонымен қатар, Талдықорған қаласы әкімдігінде жұмыс істеп жүрген екі қызметкер, техникалық қадағалаушы екі маман ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.

«Олар Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деп күдіктелуде. Жұмыстарды нақты орындамай, олар мердігерге 500 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын төлегені анықталды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осы факт бойынша ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

«Осы баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайд», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары