01.07.2023, 20:04
Қоғам
Қытайда су тасқынынан тұрғындар эвакуацияланды
12 сағатта 280 миллиметр жаңбыр жауған
Қатты жауған нөсердің салдарынан Қытайдың Хунань өңірінде өзендер арнасынан асып, су тасыды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Егістер, тұрғын үйлер мен көшелерді су алып кетті. Жергілікті билік ескерту жариялап, құтқару жұмыстарына кірісіп кетті.
Әсіресе Баоцзин ауданында жағдай күрделі. Мұнда 12 сағатта 280 миллиметр жаңбыр жауған. Бір мыңнан аса жергілікті тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 16:59
Өскеменде полицейлер жоғалған 9 жасар баланы 8 минутта тапты