$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.06.2023, 06:02
Қоғам

Қостанай облысының фермерлері уақытында субсидия ала алмай жүр

Мамандар өтінімдерді қабылдап үлгермей жатқанға ұқсайды

Қостанай облысының фермерлері уақытында субсидия ала алмай жүр
Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысының фермерлері уақытында субсидия ала алмай жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы басқармасы мұны кадр тапшылығымен байланыстырады. Мамандар өтінімдерді қабылдап үлгермей жатқанға ұқсайды. Салдарынан мемлекет тарапынан берілетін қаржылай қолдау кешіктіріліп жатыр. Биыл жергілікті агроқұрылымдардан 12 жарым мың өтініш келіп түскен. Шаруаларға 3 трлн теңгеге жуық ақша үлестірілуі тиіс. Әсіресе инвестициялық субсидия, сыйақы мөлшерлемесі мен өсімдік шаруашылығы бойынша мәселе көп.

«Бізде бұл бағдарламаға жауап беретін 12 маман бар. Өсімдік шаруашылығы бойынша өтінімдер ұзақ қаралады. Қазір олардың саны 5 мыңға жуықтады. Оларды білім басшысы мен бір маман тексереді. Сондықтан қосымша 4 жұмыс орын ашылды», - дейді ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұрсұлтан Қабделов.

Серіктес жаңалықтары