$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.06.2023, 23:34
Қоғам

Петропавлдағы 2 спорт мектебінің басшылары жаттықтырушыларды заңсыз жұмысқа алған

Аталған нысандарда балалардың киім ауыстыратын бөлмелері және спорттық құрал-жабдықтары жоқ болып шықты

Петропавлдағы 2 спорт мектебінің басшылары жаттықтырушыларды заңсыз жұмысқа алған
Фото ашық дереккөзден

Петропавлда балалар мен жасөсіпірімдерге арналған «Дельфин» және «Олимп» спорт мектебінің басшылары жаттықтырушыларды заңсыз жұмысқа алып, негізсіз жалақы төлеп келген. Мұндай олқылықты прокурорлар арнайы тексеріс барысында анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 Аталған нысандарда балалардың киім ауыстыратын бөлмелері және спорттық құрал-жабдықтары жоқ болып шықты. Құзырлы органдар араласқаннан кейін, бюджетке 6,8 миллион теңге қайтарылып, 14 адам жауапкершілікке тартылды. Тағы төртеуі қызметінен босатылды. Екі жаттықтырушы біліктілік санатынан айырылды. Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Сергей Мелеховке сөгіс жарияланды.

 «Негізсіз ақша жинау, жұмысқа заңсыз алу бойынша тексеріс материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді. Олар бойынша процессуалды шешім қабылданатын болады. Ал медициналық анықтамада дәрігерлердің қолтаңбасын қолдан жасау деректері бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр», - деді Петропавл қалалық прокуратурасының прокуроры Қазбек Ғалымжан.

Серіктес жаңалықтары