$ 514.5  582.67  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2023, 22:40
Қоғам

Қостанай тұрғынынан 6 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Жедел іздестіру кезінде күдіктілер анықталып, ұсталды

Қостанай тұрғынынан 6 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Қостанайда 21 жастағы тұрғынды ұрып-соғып, 6 млн теңге бопсалады деген күдікпен жас жігіттер ұсталды, деп хабарлады Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«18 бен 20 жас аралығындағы бопсалаушылар болмашы нәрсені сылтауратып, 6 млн теңге көлемінде ақша талап еткен. Жәбірленушіні жалдамалы пәтерде ұстап, оны қала сыртына шығарып алып ұрып-соққан. Денсаулығына қауіп төндірген», – деді Қостанай облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Серік Байғонов.

Күдікті топ жәбірленушінің 1 млн теңгесін алып, қажеттеріне жаратқан. Олар ақша талап етуді тоқтатпаған. Жәбірленуші полицияға арыз берді. Жедел іздестіру кезінде күдіктілер анықталып, ұсталды.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі «Қорқытып алу» және 126-бабы, 2-бөлігі «Бас бостандығынан заңсыз айыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта топтың екі мүшесі қамауға алынды, үшіншісі үй қамауында», - дейді Серік Байғонов. 

Серіктес жаңалықтары