$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2023, 23:29
Қоғам

Маңғыстауда жарты жылда 10 мыңнан астам көлік заңдастырылған

2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру 1 шілдеде аяқталады

Маңғыстауда жарты жылда 10 мыңнан астам көлік заңдастырылған

Маңғыстауда шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталғалы 10 мыңнан астам көлік мемлекеттік нөмір алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру 1 шілдеде аяқталады. Рәсімдеу басталғалы 6 ай ішінде Маңғыстау облысында 10 мыңнан астам көлік мемлекеттік нөмір алған.

Айта кетсек, 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Бірақ өтінім беріп үлгерген азаматтардың автокөліктері талаптарға сай келетін болса, көрсетілген мерзімнен кейін заңдастыра алады.

«Көлік құралдарын рәсімдеу уақыты 1 шілдеде аяқталады. Ең бастысы өтінім беріп қою керек. Өтінім берген көлік иелері 1 шілдеден кейін де көлікті рәсімдей алады. Өңірде көліктерді рәсімдеу бойынша қазір сағат кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істеп жатырмыз»,  деді Маңғыстау облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөілімінің басшысы Жұпарбек Жарменов.

Серіктес жаңалықтары