$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2023, 22:24
Қоғам

Атырауда базар маңынан өрт шықты

Қызыл жалынның шығу себебі анықталуда

Атырауда базар маңынан өрт шықты

Бүгін, 22 маусымда сағат 13:04-те Атырау қаласы Әбдірахманов көшесінде орналасқан әмбебап дүкендердің бірінен от шыққаны туралы шұғыл қызметке шақырту келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бригадасы әмбебап дүкеннің шатыр жабындысы жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын 800 шаршы метр жабындыны шарпыған. Өрт сағат 14:27 ауыздықталып, 14:45 сағатта толықтай жойылды. 

«Өртті сөндіруге Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС, «СКЭБР», «Атма Аэропорт» АҚ, «Апаттар медицина орталығынан» барлығы 53 адам, 13 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылының нәтижесінде өрттің басқа аумақтарына таралуына жол берілмеді», деді .Атырау облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Серіктес жаңалықтары